Еліміз бойынша шектеу шаралары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша шектеу шаралары күшейтіледі

18.06.2020

Сондай-ақ алдағы демалыс күндері ел бойынша шектеу шаралары күшейтіледі. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия отырысында осындай шешім қабылданды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше жағдайды тұрақтандыру бойынша тапсырма берген еді.

Соған сай, комиссия шешімімен демалыс күндері Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Павлодар мен Екібастұзда карантинтік шектеулер күшейеді.

Сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар мен скверлердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Үкімет басшысы әкімдіктерге қосымша зертханалар ашу арқылы ПТР-тестілеудің ауқымын кеңейтуді тапсырды. Ауруханаларда орындардың санын көбейтіп, жедел жәрдемнің шақыртуларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету жүктеліп отыр. Тұрғындар арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ширата түсу де аса маңызды.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу