Ақтөбеде коронавирусты анықтайтын еліміздегі бесінші зертхана іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде коронавирусты анықтайтын еліміздегі бесінші зертхана іске қосылды

18.06.2020

Ақтөбеде коронавирусты анықтайтын еліміздегі бесінші зертхана іске қосылды. Оған індет жұқтырғандардың көбейіп бара жатқаны себеп. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, ауру белгілері әр сала мамандарынан анықталып жатыр. Жұқтырғандардың арасында дәрігерлер де бар. Әуе қорғаныс институтының курсанттарынан да табылды. Сондықтан, қаладағы емханалардың бірінен тағы бір зертхана ашылып отыр. Бұған дейін жұмыс істеп келген 4 орталық күніне екі мыңға жуық адамды тексере алатын. Енді экспресс тестілеуден өтетіндердің санын арттыру мүмкіндігі туып отыр.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу