Маңғыстауда ауыр халдегі науқастар көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда ауыр халдегі науқастар көбейіп барады

18.06.2020

Маңғыстауда карантин тәртібі жеңілдетілгенімен, дәрігерлердің жұмысы азайған емес. Себебі ауыр халдегі науқастар көбейіп барады. Қазір Ақтау қаласындағы инфекциялық ауруханада 76 адам емделіп жатыр. Сегізінің жағдайы мүшкіл.

Қазір жансақтау бөліміндегі 8 науқастың үшеуі тыныс алу аппаратына қосылған. Олардың қант диабеті, созылмалы бронхит секілді басқа да аурулары бар. Мұндай жағдайда коронавирусты емдеу қиын әрі ұзақ уақытты қажет етеді, дейді мамандар. Реаниматолог Бақытжан Қойбеков «кейін де коронавирустың салдары болады» дегенді жоққа шығарды. Жазылып кеткен соң дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындаса, өкпе толық қалпына келеді дейді ол.

Ауруханада қызмет етіп жүрген 24 маманның барлығы да екі айдан бері үй бетін көрген жоқ. Медициналық ұйымда сақтық шарасы қатаң сақталуда. Соның арқасында қызметкерлер індеттен аман.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу