Алматы облысында жеке емханалар жедел тестілеуді тәжірбиеге енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жеке емханалар жедел тестілеуді тәжірбиеге енгізді

19.06.2020

Алматы облысында жекеменшік емханалар Covid-19 диагнозын анықтайтын жедел тестілеуді тәжірбиеге енгізді. Осылайша, диагнозды жедел нақтылауға мүмкіндік туып отыр. Мәселен, Талдықорған қаласындағы аккумулятор зауытына тиесілі емхана кәсіпорын жұмысшыларынан коронавирус анықталса, олармен байланыста болған азаматтарды бірден тестілеуден өткізеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жеке емхналарды жедел тестілермен қамтамасыз етіп, ақ халаттыларды дайындықтан өткізген.  

Хабарламаларға жазылу