Ақмола облысындағы ет өңдеу зауыттары толық жұмыс істей алмай тұр. Себебі шикізат тапшы. Өздерінің мал бордақылау алаңдары бар кәсіпорындар ғана өндіріске үздіксіз ет жеткізіп отыр. Қалғандары мүмкіндіктерін жартылай ғана пайдалануда.
Ал бұл ет өңдеу зауыты шикізатты сырттан тасымалдап отыр. Қажетті сиыр етінің 10-20 проценті ғана жергілікті шаруалардан алынады.
Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, мал санын ұлғайту үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр.
Қолда бар мәлімет бойынша, Ақмола облысында ірі қара саны жыл сайын шамамен 3 процентке көбейеді. Ет өндірісі тіпті 7 пайызға артқан. Алайда, сұраныс бірнше есеге көп. Ал облыстағы кәсіпорындар 70 пайыз жүктемемен жұмыс істеп тұр.
Ермек ЕЛБЕРГЕН