Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 5 жылда 35%-ға дейін артуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 5 жылда 35%-ға дейін артуы тиіс

23.06.2020

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 5 жылда 35%-ке дейін артуы тиіс. Үкімет кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту үшін нақты шаралар қабылдады. Елімізде жыл соңына дейін іскер ортаның жоспарлы салығына тексеру жүргізілмейді. Ал «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиенің үстемесі 6%-тен аспайды. Әрі несие көлемі 7 миллиард теңгеге дейін көбейді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытындағы жер салығын нөлге дейін төмендеді. Бизнесті өркендету тетігі ретінде биыл Парламент заңнамалық бастамалардың сегізінші топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы кәсіпкерлермен кеңесе келіп саладағы кедергілер тізімін түзіп шыққанын айтты. Енді әкімдер соны жоюы тиіс.  

Сондай-ақ үкіметтің онлайн отырысында қысқа дайындық пысықталды. Жылыту маусымына дейін елімізде 8 энергетикалық блокты, 59 қазандық пен 44 турбинаны жөндеу керек. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Премьер-Министрге тұтынушылардың қарызы туралы айтты. Ахметжан Есімов: «Көмірге 3,5 миллиард теңге, Алматы электр желілеріне 6 жарым миллиард, ал «ҚазтрансГаз» компаниясына 5,4 миллиард теңге тұрғындардың берешегі бар»,-деді. Егер қарыз өтелмесе, кәсіпорындардың жұмысы тежелмек. Үкімет басшысы әкімдерге мәселені шешуді тапсырды. Бұған қоса, иесіз электр желілерін анықтап, кәсіпорын меншігіне өткізу де өзекті іс екенін, көмірді халыққа уақытылы әрі қолжетімді бағамен жеткізуді қадағалауды ескертті.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу