Мұнай сервисі саласында бірлескен өндірістер мен консорциумдар құру керек - Олжас Құдайбергенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай сервисі саласында бірлескен өндірістер мен консорциумдар құру керек - Олжас Құдайбергенов

18.03.2019

Мұнай-газ саласындағы қызметтерді   сатып алуда отандық үлесті арттыру керек. Мәселен инжиниринг пен геофизикалық бағытта көрсетілетін  қызметтер бойынша қазақстандық компаниялардың үлесі 10 пайыздан аспайды. Бұл туралы инвесторлар мен қара алтын қорын игеруші өндіріс орындарының өкілдері бас қосқан конференцияда айтылды.  

Аталған саланы дамыту үшін отандық қызмет ұсынушы мекемелерді несиелендіру мәселесін пысықтау қажет. Егер бұл ұсыныстар іске асса, кенжелеп қалған саланың тамырына қан жүгіріп, жаңа жұмыс орындары ашылады.  Өткен жылы мұнай-сервистік қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 3 трлн. теңгеге жуық қаржыны құраған.

Олжас Құдайбергенов, компания өкілі:

Қазақстандық компаниялар мұнай-газ бағытындағы ауқымды жобаларға қатысу үшін мұнай сервисі саласында бірлескен өндірістер мен консорциумдар құру керек деп ойлаймын. Аталған сала үшін көрсетілетін қызметтер аса маңызды. Осы жұмыстарда отандық мекемелердің үлесі басым болса, инвесторлардың тарапынан сұраныс та артар еді. Сұраныс бар жерде түсім бар.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

 

Хабарламаларға жазылу