Көкшетау қайтадан карантинге жабылады. Ертең сағат 20-00-ден бастап қалаға кіріп-шығу шектелмек. Тек арнайы қызмет мамандары, азық-түлік және өнеркәсіпке қажетті өнімдерді тасымалдаушылар ғана жүре алады. Сағат 22-00-ден 6-00-ге дейін қала бойынша жеке көлікпен жүруге болмайды. Степногорск қаласы да карантинге жабылады. Шектеу шаралары 26-ыншы маусымнан басталмақ.
Шымкент қаласында да карантиндік шектеулер күшейтілмек. Шаһарда ертеңнен бастап балабақшалардың, спорт нысандарының және автожуу, шаштараз, монша, доңғалақ пен көлік жөндеу секілді халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысы тоқтатылады. Олардың ішінде кір жуу орындары, техникалық қызмет көрсету шеберханалары да бар. Сондай-ақ аптаның демалыс күндерінде базарлар жабық болады. Қоғамдық көлік жүрмейді. Тамақтану орындары жұмыс істемейді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН