Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысты

24.06.2020

Мәскеуде жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтті. Қызыл алаңдағы шеруге Ресейге жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Президент алаңда жүріп өткен қазақ сарбаздарына тік тұрып құрметін де көрсетті. Ал осымен отызыншы мәрте өткзіліп отырған салтанатты шараға биыл 13 елдің делегациясы келді. Барлық меймандар мұқият тексеруден өтіп, коронавирусқа тест тапсырған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған јәскери шеруге қатысты. Ал осымен отызыншы рет өткзіліп отырған парадқа 13 елдің делегациясы келді. Барлық шетелдіктер мұқият тексеруден өтіп, коронавирусқа тест тапсырды. 

Беларусь, Молдова, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдердің де көшбасшылары да ерлікке тағзым етті. Бұл Жеңіске қазақстандық жауынгерлер сүбелі үлес қосты. 1 миллион 366 мың отандасымыз ұрыс даласына аттанып, 500 ден астам қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. 

Қазақстан қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің 55 сарбазы Мәскеу төрінде көк байрағымызды желбіретіп өтті. 

Әскери шеру Ресейдің 27 қаласында да өтті. Ал Қызыл алаңдаєғ шеруден соң президенттер «Белгісіз сарбаз» қабіріне гүл шоқтарын қойып,тағзым етті. 

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу