Шетелдік интернет компаниялар салық төлеуге міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік интернет компаниялар салық төлеуге міндетті

24.06.2020

Соңғы кездері қынадай қаптап кеткен шетелдік интернет компаниялар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. Бүгін Мәжіліс осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ресми тілде «гугл салық» деп аталатын тәжірибенің тиімді тұстары көп. Біріншіден Қазақстан азаматтарына қызмет көрсететін интернет компанияларды түгел тіркеуге алуға және заң шеңберінде салық төлетіп қазынаға қомақты қаржы құюға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, заң жобасында тағы екі мәселеге айрықша мән берілген. Біріншісі жеке тұлғаларға салынатын мүлік пен жер салығын біріктіру көзделген. Бірақ, салықтың мөлшері сол қалпы сақталады. Бұл-азаматтардың әрлі-берлі жүрмей екі салыққа бір түбіртек алуы үшін жасалған. Бұдан басқа, көпқабатты үйде тұратын азаматтарға жер салығын алып тастау қарастырылған.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу