Арыстағы оқыс оқиғаға тура 1 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы оқыс оқиғаға тура 1 жыл толды

24.06.2020

Бүгін Арыстағы оқыс оқиғаға тура 1 жыл толды. Алайда жарылыс салдарын жою жұмыстары нақты қашан аяқталары белгісіз. Күніге 1500 әскери қызметші айналаны шолып, күмәнді темір-терсектің бәрін теріп жүр. Ай сайын саперлар мен басқа да мамандар ауысып қызмет етуде. Қару-жарақ қоймасының күлі көкке ұшқалы бері 380 мың тонна оқ-дәрі қалдығы табылса, соның 300 мың тоннасы жарылу қаупі жоғары болып шыққан. Жергілікті халық та жәй жатқан жоқ. Қол ұшын созып 4 жарым мың фрагментті залалсыздандыруға ықпал етті. Жалпы жарылыс 500 гектар аумақты шарпыған. Бүгінге дейін 300 шақырым жер мен 30 шақырым Арыс арнасы толық тазаланды,-дейді мамандар.

Оқ-дәрілерді Арыс қаласынан 50 шақырым қашықтағы Бастарма полигонында жойып жатыр. Қару сынықтарының сатылмауы және таралмауы үшін рейдтер өткізліп тұрады. Қазір Арыстағы инфрақұрылымның 90 пайыз қалпына келді. Зардап шеккен 7635 үй түгел жөнделіп, жарамсыз қалғаны жаңадан салынды. 62 мыңнан астам азаматқа 6 млрд теңгеден аса қаржылай қолдау көрсетілді. 467 кәсіпкерлік нысанының иесіне де келтірілген шығын толық өтелді.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу