Мәскеуде 5 сәбиді сатпақ болған қылмыскерлердің бірі қазақстандық азамат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде 5 сәбиді сатпақ болған қылмыскерлердің бірі қазақстандық азамат

26.06.2020

Мәскеуде бір топ әйел 5 бірдей сәбиді сатпақ болған. Қылмыскерлердің арасында қазақстан азаматы да болуы мүмкін. Шақалақтар Ресей астанасындағы пәтерлердің бірінен табылған. Барлығының құжаттары қытайша рәсімделген. Ресми органның мәліметінше бала саудасына 5 әйелдің қатысы болуы мүмкін. Олардың үшеуі - Қытай Халық Республикасынан, біреуі- Ресей, біреуі- Қазақстан азаматшасы. Балаларды Ресей аумағында суррогат аналар дүниеге әкелген, кейін Қытайға жіберу жоспарланған болуы мүмкін. Қазір нәрестелер ауруханада, ал ұсталған әйелдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабарламаларға жазылу