ЭКСПО маңындағы пәтерлер жаңа жүйемін сатылымға шығады. Баспана алу үшін өтініш қабылдау 30 наурыз күні басталады. Үй жылдық үстемесі 3 пайыздық өсіммен 12 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Алғашқы жарнасы пәтер бағасының 20 пайызынан кем болмау керек. Егер Елорданың әсем орталығында тұру арманыңызда болса, онда іске кірісіңіз. Тіпті үйден шықпай-ақ, алатын пәтеріңізді таңдап, өтініш жазуыңызға болады.
Ол үшін әуелі, «Digital Baiterek» порталына тіркелу керек. 30 наурыз күні онлайн жүйе бойынша қалаған пәтеріңізді таңдап, алғашқы жарнаның көлемін көрсетіп жібересіз. Екі күннен кейін одан ары қарайғы жұмыстар жалғаса береді.
Баспананы 7-20-25-пен де, тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім», қазақстандық ипотекалық компаниясының «Орда» бағдарламасымен де алуға болады. ЭКСПО-ның бұл үйлері өткен жылы сатылымға шықты. Ол кезде 147 пәтер өткен. Енді дайын пәтерлерді іске жарату үшін, холдинг банктерді тартып, несиеге беруді шешкен.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ