Президент Қ.Тоқаевтың «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» деп атап, «Ана тілі» газетіне берген сұқбатына орай. Алдымен бір-екі цитата:
«Жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру керек. Мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егер жұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдарламамда айтқан болатынмын. Сонда митингтің де қажеті болмай қалады.
Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті, осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік».
«...Жыл бойы саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бұл саясат алдағы кезеңдерде де жалғаса береді. Елімізді одан әрі жаңғыртуға, дамытуға қатысты идеяларым бар, ол идеяларды халық іс жүзінде сезінгенін қалаймын».
Сауалдарды қойған «Ана тілі» басылымының бас редакторы Жанарбек Әшімжанның өзіне де микрофон ұсындық.