COVID-19: науқастар саны 10 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: науқастар саны 10 миллионнан асты

29.06.2020
COVID-19: науқастар саны 10 миллионнан асты

Джон Хопкинс университетітінің мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырған адамдар саны 10 миллионнан асты. Оның 500 мыңнан астамы қауіпті індеттен көз жұмған.

Инфекция жұқтырған адамдардың саны бойынша АҚШ (2,5 млн), Бразилия (1,3 млн), Ресей (600 мың), Үндістан (500 мың) және Ұлыбритания (300 мың) көш бастап тұр.

Мамандар АҚШ пен Бразилиядағы эпидемиологиялық ахуалға алаңдаулы. Құрама штаттарда күн сайын 40 мыңға жуық вирус жұқтырғандардың жаңа дерегі тіркелуде. Елдегі инфекцияның ошағы Нью-Йорктан Флорида және Техас штаттарына ауысуда.

«АҚШ-та науқастар санының қайтадан күрт өсуіне штаттардың ерте ашылуы және азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болуы мүмкін»,- дейді елдің бас эпидемиологиялық дәрігері Энтони Фаучер.

BBC


Хабарламаларға жазылу