Арқалық қаласын жылыту үшін қазынадан миллиардтап қаржы жұмсау енді тоқтайды. Қазандығы қымбат отын - мазутпен жанатындықтан Үкімет жыл сайын шағын қалаға қыруар мөлшерде субсидия бөлетін. Биыл құны мазуттан әлдеқайда арзан - көмірмен жанатын жаңа жылу орталығының құрылысы басталды. Мамандар жаңа нысанның қазына қаржысын үнемдеуден бөлек пайдалы тұстары да бар дейді.
Дәуренбек Әбдібек