Үкімет коронавирус ахуалын тұрақтандыру шараларын қамтитын жоспар жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет коронавирус ахуалын тұрақтандыру шараларын қамтитын жоспар жасаған

30.06.2020

Қазіргі жағдайдан шығудың нақты жоспары бар. Үкімет коронавирус ахуалын тұрақтандырудың шұғыл шараларын қамтитын жоспар жасаған. Түпкілікті шешім жақында қабылданады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. «Біз санитарлық талаптардың бес алтын ережесін жақсы білеміз: Біріншіден, маска мен қолғап киіп жүру керек, одан соң қолды жуып, қашықтықты сақтау керек, адам көп жиналатын орынға бармаған жөн. Бесіншіден, қолмен амандасып, құшақтаспаған абзал. Алайда, іс жүзінде бұл ережелердің көбі сақтала бермейтінін көріп отырмыз», - деді министр. Алексей Цойдың айтуынша, осы ережелерді қатаң сақтаған жағдайда туған-туыстарыңызды қауіптен құтқарасыз.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу