Дәрі-дәрмек бағасын себепсіз қымбаттатқандарға шара қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмек бағасын себепсіз қымбаттатқандарға шара қолданылады

30.06.2020

Дәріханалар дәрі-дәрмек құнын негізсіз өсіре алмайды. Себебі 6 мыңнан астам препаратқа көтерме және бөлшек сауда үшін шекті баға белгіленген. Оны кез-келген адам «Дәрі КЗ» мобильді қосымшасы арқылы біле алады. Сондай-ақ осы қосымшада шағымдану қызметі бар. Егер заң бұзушылық анықталса, сол жерге жазуға болады. Әрбір арыз-шағым қараусыз қалмайды. Факті расталған жағдайда шара көріледі.

Ақерке БЕРІІКБЕК


Хабарламаларға жазылу