Аймақтарда індет жұқтырғандар күрт көбейіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда індет жұқтырғандар күрт көбейіп кетті

30.06.2020

Коронавирусқа шалдыққандар қатары күннен күнге артуда. Өлім-жітім де тым көп. Қазір өңірлерде емдеу орындары мен дәрігерлердің жетіспеушілігі сезіледі. 

Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 500-ге жетіп қалды. Ал ауру белгілері жоқ науқастар саны 700-ге тарта. Індетке шалдыққандар соңғы 2 аптада күрт көбейді. Әсіресе, Көкшетаудағы ахуал қиын. Өсім жоғары. Өкінішке орай, 14 адам індеттен көз жұмды.

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус дертіне шалдыққандар саны 400-ге жетті. Ал, клиникалық белгісі жоқ науқастар 800-ден асады. Жалпы, соңғы тәулікте науқастар саны 5,8 пайызға артқан.

БҚО-да өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды. Оның бірі 82-гі кейуана болса, қалған екеуі 57 мен 39 жастағы ер адамдар. Жалпы бір күнде 31 адам инфекция жұқтырған. Олардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жайғастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынған.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу