Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандарды қабылдайтын емдеу орындары жеткілікті. Қазіргі қиындық тудырып отырғаны - дәрігерлердің жетіспеушілігі. Өйткені өңірдегі 150 медициналық қызметкер індет жұқтырып, ауруханаға түскен. Олардың орнына аудандардан шақыртылған мамандар жұмыс істеуде. Есесіне дәрі-дәрмек тапшылығы байқалып жатыр.
Ал Ақтауда қызуға қарсы дәрілер мен антибиотиктер тапшы. Тұрғындар қажетті препараттарды таппай сандалып жүр. Дәріханалар алдында ұзын сонар кезек. Өңірдегі дәрі тапшылығына шет елден келген дәрі-дәрмектің сертификат күтіп шекарада тұрып қалуы себеп болған. Мамандар мәселенің алдағы күндері шешілетінін жеткізді.
Рауан ДИӘЛИ