Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ПТР тестілеуден өту құны тестің өзінің сатып әкелінген бағасынан неліктен қымбат екенін түсіндірді.
«Бұл жерде төлем ПТР-тест үшін ғана жасалмайды. ПТР тестілеу қызметі үшін де ақы алынады. Ол төлемге тестің өзі ғана емес, бұл қызметті жүргізуге қажетті материалдар шығыны да кіреді. Яғни онда 40-қа тарта зертханалық бұйым бар: материалдарға арналған зонттар, көліктік орта түтігі және тағы басқалар», - деді Людмила Бюрабекова.
Сонымен қатар, тестілеу қызметінің бағасына медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдары мен айлығы да кіреді.