Коронавируспен қатар пневмония да қатер төндіріп тұр. Маусым айында тап осы дерттен 628 адам қайтыс болып, ауырғандар саны өскен. Сала мамандары әлі күнге дейін өкпе қабынуының неден өршігенін анықтай алмай жатыр.
Бүгін Елордада індетпен күресте енгізілген жаңа ережелер бойынша онлайн брифинг өтті. Жиында жуырда Ресей препараты клиникалық сынақтан сәтті өткені, енді вирус жұқтырғандар сонымен емделетіні айтылды. Сондай-ақ, науқастар бақылауға алынады. Ал пневмония, ЖРВИ және коронавирустің жеңіл түрімен ауырып, үйінде ем алғандарға дәрі-дәрмек тегін беріледі.
Нысаналы Ығыл