Түркияда саудиялық журналисті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған 20 адамға қатысты сот процесі басталды. Джамал Хашогги 2018 жылы қазанда Сауд Арабиясының Ыстанбұлдағы консулдығында мерт болған. Бұл оқиғаға байланысты корольдік үкіметі 5 адамды өлім жазасына кесіп, үшеуін түрмеге қамаған еді. Дегенмен, жауапқа тартылғандардың ішінде осы қылмысты ұйымастырды деген ханзаданың кеңесшісі Сауд әл-Кахтани мен Саудия барлау агенттігі бұрынғы басшысының орынбасары Ахмад әл-Асири жоқ.
Арыстан Рысбек