5 шілдеден бастап шектеу шаралары енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 шілдеден бастап шектеу шаралары енгізілді

05.07.2020

Бүгіннен басталған, 2 апталық шектеу шаралары ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Елімізде эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне орай Мемлекеттік комиссия енгізген шектеулерді қысқаша түйіп айтсақ: 

Көлік қатынасы бойынша:

Бағыт көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау; Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен); Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату; Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу; Ашық ауада жаттығулар жасап, көшелерде, саябақтарда, скверлерде серуендеуге рұқсат, тек 3 адамнан артық емес;

Мынадай нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, ойын-сауық орталықтары, діни нысандар және т. б. 

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтары, сонымен бірге дәріханалар, азық-түлік дүкендері, ашық базарлар, ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен) қызметі сақталады;

Хабарламаларға жазылу