Ресейде конституциясына өзгерістер енгізу бойынша реферандум өткені мәлім, орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, дауыс бергендердің 77,92 проценті жақтаған, 21,27% қарсы. Дауыс беруге сайлау құқы барлардың 67,97 проценті қатысқан. Айтып жүрміз, бұл өзгерістердің түп мәні - Ресей президентіне 2024 жылдан кейін сайлауға қайтадан түсе алатын мүмкіндік беру. Қазіргі конституция бойынша 2024 жылдан соң сайлауға қатыса алмайтын еді.