Маңғыстау жұрты дәрі іздеп сандалып кетті. Дәріханаларда антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттар мүлдем жоқ. Шағын дәріхана иелері тауар ала алмай отырғанын айтады. Ал ірі орталықтарда ұзын-сонар кезек. Тұрғындар сағаттап күтуге мәжбүр. Қарақия, Маңғыстау аудандарындағы жағдай тіпті қиын. Дәрі іздеген ауыл тұрғындары Ақтауда тентіреп жүр.