Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке орай, COVID-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау»,- деп жазды Қайрат Ахметов.
Шаһар басшысы мұндай қиын жағдайда денсаулықты қорғауға саналы түрде қарау керектігін атап өтті. Ол тұрғындарды сақтық шараларына барынша ұқыпты қарауға шақырды.