Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті. Қаралы хабарды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталған.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А.Баталов Facebook-тегі парақшасында.