Жұқпалы індеттің тез таралуына байланысты жерлеу, жаназа шығару рәсімдеріне өзгерістер енгізілді. Жасы үлкен азаматтар мен ауру белгілері бар адамдарға бұндай жиындарға баруға тиым салынды. Діни басқарма ас беру шараларын қысқартып, орнына садақа ретінде мұқтаж жандарға арнап дәрі-дәрмек пен демалу аппараттарын сатып алуға кеңес берді.