Қазақстан АҚШ-тан 40 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан АҚШ-тан 40 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартқан

15.05.2019

Соңғы 14 жылда Қазақстан Америка Құрама Штаттарынан 40 млрд. доллар көлемінде тікелей инвестиция тартқан. Әлемдегі тұрақсыз ахуалға қарамастан Америка компаниялардың біздің нарыққа деген қызығушылығы өте жоғары. Астана экономикалық форумы қарсаңында елордада екі елдің ірі кәсіпкерлері бас қосты.

Әлемнің бизнес алыптары Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктерді талқылап, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық ірі компаниялар атқарған істерін қорытындылап, әлеуметтік бастамалары жайлы есеп берді.

Бүгінде қазақ елінде америка капиталы бар 524 компания жұмыс істеп жатыр. Олардың 141-і бірлескен кәсіпорындар. 37 өндіріс орны экспорттық өнімдер шығарады. 

Эрдинч Гюзель, «Coca-cola Алматы боттлерс» компаниясының бас директоры:

2013-2017 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-дегі біздің компанияның толық үлесі шамамен 300 млрд теңгені құрады. 2017 жылы біздің компания қызметінің арқасында елімізде экономиканың әртүрлі секторында және компанияның өзінде 10000-ға жуық тікелей және жанама жұмыс орындары қолдау тапты.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу