Биылғы жылдың мамыр айының соңындағы мәлімет бойынша ҚР банк секторында 27 екінші деңгейлі банк болды, олардың 14-і шетелдіктердің қатысумен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің жиынтық активтері жылына 13% -ға артып, 28,2 трлн теңгені құрады.
Бұл ретте, активтердің және басқа да көптеген қаржылық көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, осы жылдың бірінші жартыжылдығында банктерге қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында 87 ықпал ету шаралары қолданылды. Олардың ішінде әкімшілік айыппұлдар, қадағалаудың ұсынымдық шаралары, жазбаша ұйғарымдар бар.
Банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамайды:
- банктік қарыздарға қызмет көрсету;
- төлемдер мен ақша аударымдары;
- банктік шоттарға қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі 8 банкіне тікелей әкімшілік айыппұл салынды. Банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 47,6 млн. теңгені құрады. Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған банктер жасаған негізгі заңбұзушылықтар:
- «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқаулықтарды орындау мерзімдерін бұзу;
- Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде заң бұзу;
- басқа да заңбұзушылықтар.
Әкімшілік айыппұлдың ең көп мөлшері «АзияКредит» банкіне салынды. Оған барлығы 21,9 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, Ресейдің «Сбербанкі» (11,1 млн. теңге) және «Capital Bank Kazakhstan» (7,8 млн. теңге) антикөшбасшылар қатарында. «Tengri Bankке» 4,2 миллион теңге, «Альфа-Банкке» 1,1 миллион теңге айыппұл салынды.
finprom.kz