Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпарат жалған

15.07.2020
Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпарат жалған

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«WhatsApp желісінде «Санитар эпидемиологтар Қапшағай су қоймаларынан: бассейндер, субұрқақтар және бөгендерден анализ алды. Барлығында пневмония таяқшалары табылған» деген аудиожазба тарады. Бұл хабарлама – фейк. 

Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясын қоздыратын заттардың бар-жоғын анықтау үшін суды талдауға алмағанын хабарлайды. 

Коронавирусты анықтау үшін инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікті азаматтардың және профилактикалық мақсатта адамдардың мұрнынан биологиялық материал (анализ) алынады. Сондай-ақ Қапшағай қалалық басқармасы аймақтағы су қоймаларынан жыл сайын мамыр-қыркүйек аралығында тырысқақ вибрионы, А вирустық гепатиті, энтеровирус анықтау үшін талдау алады», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабарламаларға жазылу