Қызылордада жыл басынан бері 17 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жыл басынан бері 17 адам суға кетті

15.07.2020

Сыр өңірінде суға кету деректері азаймай тұр. Бүгінге дейін су қоймаларында 17 адам ажал құшты. Оның жетеуі - бала. Шілденің аптап ыстығында тұрғындар дарияның жағасынан сая іздеп, демалысын көбіне сонда өткізеді. Шомылу кезінде демалушылар қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Ал оның арты қайғылы жағдайға әкеп соғуда. 

Хабарламаларға жазылу