Бүгін елордада халық көп жиналатын саябақ, алаңдар мен жағалауларда ауқымды дезинфекциялау жүргізілді. 20 млн шаршы метрдей жер залалсыздандырылды. Оған коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай департаментінің өкілдері жұмылдырылған. Санитар-дәрігердің қаулысына сәйкес, сауда орталықтары мен базарлар, басқа да көпшілік жиналатын орын басшылары дезинфекциялауды өздері жүргізуі тиіс.