Қазақстанда бір топ волонтер дәрігерлерге ақпараттық көмек көрсетіп жүр. Олар шетелдерде жасалған ғылыми зерттеулер мен мақалаларды медициналық тілмен қазақ, орыс тілдеріне аударады. Әлемдік емдеу протоколдарымен таныстырады, коронавирусқа қатысты жаңалықтармен бөліседі. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам адам осы порталдың жәрдеміне жүгінген.