Өзбекстандық кәсіпкерлер Ресейдің 4 аймағымен шектесетін, әрі батыс пен шығысты жалғап тұрған теміржол торабы Петропавлда ірі сауда орнын салуды жоспарлап отыр. Көрші елден келген қонақтар алдымен облыс әкімімен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Бұдан соң қаланың орталығында өз өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. 55 мың тоннадан астам жеміс пен көкөніс, ұлттық киімдері мен ыдыс-аяқтарын саудаға қойды.
Мұрат Нұрқанов облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы
Көкөніс өнімдерінің оншақты түрі бар. Мысалы қауын, қарбыз, болгар бұрышы, шие әкеліп отыр. Осы шараның аясында екіжақты келіссөздер өткізілді, соның аясында меморандумдар жасалды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ