24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Зеренді жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Зеренді жабылады

21.07.2020
24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Зеренді жабылады

24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Зеренді жабылады

Курорттық аймақтарға кіреберісте блокбекеттер орнатылып, көлік қозғалысы шектеледі.

Бұл туралы Ақмола облысы туризм басқармасы хабарлады.

24 шілдеге дейін қонақүйге келіп, жайғасып үлгерген адамдар демалыс базасының ішінде қала береді. Олар маска тағып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы тиіс. Сондай-ақ қонақүйлерге бөлмелерді брондауға өтініш қабылдамау тапсырылды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады.

Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақүй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық станцияларының жұмысы тоқтатылады.

Хабарламаларға жазылу