1,2 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 730 мың өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды», делінген хабарламада.
1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:
– 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 423 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;
– 146,1 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаcы мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген.