Қызылордалық прокурорлар заңсыз жолмен сатылған 350 қорап дәрі-дәрмек пен 2500 дана бетперде тәркіледі. Алынған өнімдер денсаулық сақтау басқармасына табысталды. Тәркіленген дәрілердің басым бөлігі, дәріханалардан табыла бермейтін қымбат препараттар. Сондай-ақ, мобильді топ елімізде тіркелмеген антибиотиктерді де анықтаған.