Мамандардың айтуынша, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны 293 болса, осы аптада 161 жағдай тіркелген. Демек, вирус жұқтыру азайған. Айта кетейік, өңірде 2500-ден астам тұрғын індетке шалдыққан. Оның 153-і медицина мамандары. 2 мыңға тарта адам аман-есен ауруынан айықты. Өкінішке қарай, 53 адам қайтыс болды.