Нұр-Сұлтан қаласында карантинтін талаптарын бұзғандарға 12,4 миллион теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында карантинтін талаптарын бұзғандарға 12,4 миллион теңге айыппұл салынды

27.07.2020
Нұр-Сұлтан қаласында карантинтін талаптарын бұзғандарға 12,4 миллион теңге айыппұл салынды

Елордада карантин талаптарын бұзған тұрғындар мен заңды тұлғаларға 12,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.

«Қалалық департаменттің аумақтық басқармалары 5 шілдеден бастап жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қатаң шектеулі карантин шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 12 472 220 теңге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50 хаттама жасады»,- делінген хабарламада.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының айтуынша, карантин талаптарын бұзу фактілерінің ішінде нысандардың жұмыс режимін ескермеуі, тұрғындардың бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық сақтамайтын жағдайлары көп кездеседі. Сондай-ақ, қызметі уақытша тоқтатылған обьектілердің де жұмыс істеу дерегі тіркелген.


Хабарламаларға жазылу