Ақмола облысының Атбасар ауданында өрт салдарынан үш бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының Атбасар ауданында өрт салдарынан үш бала қаза тапты

29.07.2020
Ақмола облысының Атбасар ауданында өрт салдарынан үш бала қаза тапты

29 шілде сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты.

Үйде көп балалы отбасы тұрған. Отбасындағы 5 баланың барлығы да кәмелет жасына толмаған.

Өрт барысында ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шығып үлгерген.

Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады. Тілсіз жау 06:40-та ауыздықталып, сағат 08:25-те толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт орнында үш баланың мәйіті табылды.


Хабарламаларға жазылу