Құрбан айт қарсаңында қой бағасы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айт қарсаңында қой бағасы артты

29.07.2020

Алматыда Құрбан айт мерекесіне орай бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Адам көп жиналатын іс-шаралар өткізуге және көліктер мен жеке үйлерде мал сатуға, қала аумағында мал союға тыйым салынды. Мал базарларының Құрбан айтқа дейін санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат. Кәсіпкерлер мен қасапшылар әдеттегідей қызмет көрсетіп жатыр. Алайда биыл баға шарықтап, қой сою құны да қымбаттаған. 

Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу