Теміржол тарифы қымбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол тарифы қымбат

08.08.2019

Көкшетауда 30-дан астам кәсіпкер монополист компанияның қызметіне шағымдануда. Олар теміржолды қолданатын кәсіпорындар. Бизнесмендердің айтуынша, теміржол бағыттарын сатып алған компания тарифты негізсіз бағаны өсірген. Мәселе магистральды теміржол мен кәсіпорындарға дейінгі аралыққа қатысты. Бұл сұрақ Ақмола облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралды. Қазір теміржол бағыттары "Транспорттық қызмет көрсету орталығы" Акционерлік қоғамына тиесілі. Олар бірнеше жыл бұрын меншік иесі атанып, сол уақыттан бері қызмет көрсету құнын қымбаттатқан.

Бүгінде бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберген. Кеңес мүшелері жағдайды жан-жақты қарастыру қажет дейді. Себебі "Транспорттық қызмет көрсету орталығы" Акционерлік қоғамы да кәсіпкерлік нысан. Олар жиналысқа шақырылғанымен, келген жоқ. Шағымданушыларды теміржолдың маңызды бөлігінің жекенің қолына қалай өтіп кеткені, ол қаншалықты заңды екендігі алаңдатады. Бұл мәселені жергілікті жерде шешу мүмкін болмай тұр. Сондықтан кеңес мүшелері республикалық деңгейде көтеру туралы шешім қабылдады.

Назым Омарова, кәсіпкерлердің өкілі:

Кәсіпкерлер үшін шарттар мүлдем тиімсіз. Тариф бұрынғы құнмен салыстырған еселеп жоғарылаған. Оған қандай себептер негіз болғаны да түсініксіз. Теміржол жалғыз. Сондықтан кәсіпкерлер талап еткен қаржыны төлеп, шығынға батуға мәжбүр. Басты, теміржол бағыттарының меншік құқығы заңсыз деп ойлаймыз. Оны заң бойынша қалпына келтіру керек.

 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу