Беларусь аумағында кеше түнде 33 ресейлік азамат қолға түсті. Белта мемлекеттік ақпарат агенттігі осындай мәлімет таратты. Ақпаратқа сай, олардың 32-сі адам шетелдік жекеменшік әскери компанияның мүшелері. Ресми Минск күдіктілер сайлау қарсаңында іріткі тудыру мақсатында келді деп айыптады. Әзірге, Ресей тарапы ресми жауап қатпады.
Армангүл Тоқтамұрат