Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегінің тәуліктік деңгейі азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегінің тәуліктік деңгейі азайған

03.08.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегінің тәуліктік деңгейі азайған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде карантин шараларын енгізу нәтижесінде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тәуліктік деңгейі төмендегенін айтты.

«Орташа есеппен елде ауру жұқтырудың тәуліктік тіркелу жағдайы екі жарым есе азайды. Маусым айының соңында республикада жедел жәрдем қызметін шақырудың жағдайы 30 мыңға дейін жетіп еді. Карантиннің соңғы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне жүгінудің жалпы жағдайы екі есе азайды»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Хабарламаларға жазылу