Оңтүстік Кореяның орталық аудандары мен Сеулда толассыз нөсер жаңбыр жауып, үйлер мен жолдарды су басты. Билік жағалау маңындағы және таулы аудандарды жабуға мәжбүр болып отыр.
Сеулдің оңтүстігіндегі Каннам ауданында жолда ені 2 метр және тереңдігі 1,5 метрлік шұңқыр пайда болған. Билік жолды қалпына келтіріп жатыр. Сеулдің тағы бір ауданында жауапты органдар су басқан үйлердің суын сорғызып, дауыл кезінде құлаған ағаштарды алып тастады.
Хан өзенінің бойындағы көптеген саябақтарға кіруге тыйым салынды, себебі өзендегі судың деңгейі бірден көтерілген. Бұдан бөлек, билік қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында таулы аймақтарға баруға шектеу салды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық агенттіктің мәліметінше, қатты жауын-шашын салдарынан алты адам қаза тауып, сегізі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кем дегенде 190 үй зақымдалып, 818 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин осы жағдайға байланысты жоспарланған жазғы демалысынан бас тартты.
Kazinform