ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2,1 миллион қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем берілді деп мәлімдеді.
«Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды»,- делінген министрлік хабарламасында.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:
– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).