Қазақстанда COVID-19 және пневмония статистикасы біріктірілді. Жаңартылған мәлімет бойынша бір тәулікте 1069 адам коронавирусты жұқтырған. Ал пневмониямен сырқаттанғандардың ресми саны 798. Өткен тәулікте елде 672 адам аурудан айығып шықты. Қауіпті індетті жеңгендердің қатары 62511-ге жетті. Ал, науқастар саны 92 мыңнан асып отыр.