Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды

04.08.2020
Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 4 тамыз күні сағат 09.30-да қала шетіндегі «Ақсайжылуқуат» МКК-ның кәріз-тазарту құрылымы ғимаратында болды.

Екі қабатты ғимаратта газ-метан жиналып, содан жарылыс болған. Соның салдарынан екінші қабаттағы қабырға мен терезе жақтаулары құлаған. Жарылыс орнында кәріз-тазарту құрылымы учаскесінің бастығы, 1961 жылғы азамат қаза тапты.

Kazinform


Хабарламаларға жазылу